«НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

17 Март 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Наурызнама» онкүндігінде қайырымдылық акциясына қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Маңғыстау облысындағы «Жас маман кеңесі» ұйымдастырған шарада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар тұрғындарға «Рамазан қоржыны» табыс етілді.

Биыл Ұлыстың Ұлы күні қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан Ұлттық әл-ауқат қорына қарасты өңірдегі мекеме жастары бас біріктіріп, Амал күні бірнеше отбасымен көрісті. Қайырымдылыққа жаны құштар жұмысшылар өзімен бірге ең қажетті азық-түлікке толы қоржындарды ала барды.  Осылайша жас мамандар  әз Наурыз қарсаңында 7 отбасыға қуаныш сыйлады.

 «Наурызнама» — Ұлыстың Ұлы күнін тойлаудың жаңа форматы. Ол былтыр ел Президенті бастамасымен қолға алынды. Онкүндікте қайырымдылық шарасы, мәдениет пен салт-дәстүрді, ұлттық киім мен спортты насихаттап, эко акциялар өткізу жоспарланған.

Жарияланған күні:
17 марта 2025

Бөлісу: