АМАЛ МЕН НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ДОДА

13 Март 2025

Қаражанбаста Амал және Наурыз мейрамы қарсаңындағы спорт сайыстарының үздіктері анықталды. І вахта жұмысшылары Ұлттық ойын асық ату, ләңгі тебу, қой көтеру, арқан тарту, кір тасын көтеруден жарысып, боз кілемде белдесті. Додаға жүзден астам жұмысшы қатысуға ниет білдірді. Олардың әрқайсысы жеңіске сақадай сай келіп, өз цехының абыройын қорғауды мақсат тұтты.

Кір тасын көтеруден технологиялық көлік департаментінің жүргізушісі Айдын Ахметов, ләңгі тебуден дефектоскопия зертханасының аға инженері Жақсыбек Бергенқұлов алдына жан салмады. Асық ату бойынша өндірісті автоматтандыру цехының бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі Бейбарыс Тұқымбай үздік атанса, қазақша күрестен пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының электргазбендәнекерлеушісі Жанболат Закариннің жауырыны жерге тимеді. Қой көтеруден қабат қысымын ұстау цехының операторы Жеңіс Джалдасов, ал арқан тартудан ӨАЦ командасы алға шықты.

Салтанатты марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен кубоктар табыс етілді. Жыл басы Амал мен Ұлыстың Ұлы күніне арналған жарыстар ІІ вахта мұнайшылары арасында да өтеді.

Жарияланған күні:
13 марта 2025

Бөлісу: