ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

12 Март 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ) 600-ден астам қызметкері еңбек қауіпсіздігін нығайту және басқару, өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша оқытуға қатысты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастамасымен қолға алынған тренингке цех басшылары, жетекші және аға инженерлер, шеберлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмысты қауіпсіз жоспарлау бағытында білімін нығайтты.

Кестеге сәйкес қаражанбастықтарға нұсқаулықты тиімді өткізу жолдары көрсетілді. Сондай-ақ спикер жұмысшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты қадамдарынан бастап, өндірістік тәуекелдерді азайту және жалпы еңбек қауіпсіздігі мәдениетін көтеру жолдарын таныстырды. Мұнайшылар үш күнге созылған теория сабақтарынан меңгергенін енді тәжірибеде қолданбақ.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылар денсаулығын қорғау – ҚБМ-ның негізгі басымдықтарының бірі. Қарапайым ережелерді сақтап, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға әр қызметкер жауапты.

Жарияланған күні:
12 марта 2025

Бөлісу: