МҰНАЙШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ОЙ ЖАРЫСЫ

11 Март 2025

Қаражанбас кен орнында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мұнайшы арулардың таным мен тапқырлығын сынға салатын «Ал қанекей, қыздар!» зияткерлік ойыны өтті. Сайыста бақ сынауға ниет білдірген 6 қатысушы екі топқа бөлініп, білімі мен логикасын сынға салды.

Ойын барысында екі  топқа әртүрлі бағытты қамтиытын 14 тақырып бойынша сұрақ қойылды. Әр сауалға жауап ретінде үш нұсқа берілді. Қыздар ой ұшқырлығына сүйеніп, дұрыс жауапты дәл табуға тырысты.  Ал жауаптар сюжет, графика және анимация түрінде көрсетілді.

Нәтижесінде материалдық техникалық жабдықтау базасының қойма меңгерушісі Жанар Юсупова, ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының химиялық талдау лаборанты Айжан Исламова, сондай-ақ №3 мұнай өндіру цехының операторы Бәтима Байсегізовадан құралған команда қарсыластардан басым түсті. Мұндай сайыстар ұжымдық рухты берік етіп, қаражанбастықтардың әріптестік қарым-қатынасын нығайтуға сеп болары сөзсіз.

Жарияланған күні:
11 марта 2025

Бөлісу: