ҚҰРМЕТ ДЕМАЛЫСЫ — АДАЛ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ

27 Февраль 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехы ұжымы темірден түйін түйген өз ісінің шебері Талап Есеновты зейнет демалысына шығарып салды. Әріптестері өлке өндірісін дамытуға сүбелі үлес қосқан дәнекерлеушіге құрмет көрсетіп, алғыс білдірді.

Талап Есенов өнегелі еңбек жолын осыдан 28 жыл бұрын бастаған.  Ол осы уақыт ішінде мыңдаған металды біріктіріп, қызмет барысында кәсібилік, жауапкершілік, тиянақтылығымен үлгі болған маман. Талап кен орнының барлық объектілерінде жұмыс істеп, өндіріске қажетті жабдықтарды дәнекерлеу ісін бес саусағындай меңгерген. Қызмет белесінің биігін бағындырған жұмысшы соңғы вахтасын қимастықпен аяқтап, еңбек ұжымының алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

«Өмірімнің жарқын да еңбекке толы кезеңі Қаражанбаста өткеніне қуаныштымын. Бұл бізді маман ретінде шыңдаған, талай жанмен таныстырған, берекелі де қазыналы мекен. Өндірісте үлкендерден үйренгеніміз көп, жастарға  үйреткеніміз де аз емес. Білікті мамандарымен қуатты Қаражанбас әлі талай биікті бағындыратынына сенімдмін. Құрмет көрсетіп жатқан барлығына алғысым шексіз!»,- дейді Талап Есенов.

Жарияланған күні:
27 февраля 2025

Бөлісу: