
«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «Самұрық-Қазына» АҚ (СҚ) құрамындағы компаниялардың жас мамандарына арналған «Ысырапсыз өндіріс» тренингіне қастысты. Жастарға «Lean»-эксперт, СҚ «Жас маман кеңесі» төрағасы Әділет Мүтәлі және төраға орынбасары Сәбит Қаржаубайұлы дәріс оқып, тәжірибе бөлісті.
«Lean» — Kaizen философиясына негізделген жүйе. Ол ысырап пен шығынды азайту, сапаны жақсарту мақсатында көбіне мұнай-газ саласы, машина жасау, қызмет көрсету мен логистика секторларында кеңінен қолданылады. Тренинг барысында жастар аталмыш жүйені жұмыс процесіне енгізудің негізгі қағидаларын меңгерді. Сондай-ақ қатысушылар өндірістік ысырап шығындарын азайту, процестерді оңтайландыру, қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру бойынша пікірін ортаға салды.
Ысырапсыз өндіріс көп компанияда күн тәртібіндегі өзекті тақырыптың бірі. Сондықтан жұмысшылардың бұл бағыттағы білімі мен мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тренингке қатысушылар алған білімі мен жаңа ақпараттарды басшылыққа жеткізіп, жұмыс барысында енгізуге уағдаласты.
Жарияланған күні:
19 февраля 2025
Бөлісу: