
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) басшылығымен және кәсіподақ өкілдерімен өндірістік және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес өткізді.
А.Хасенов геологиялық-техникалық іс-шараларды, сондай-ақ өндіру деңгейін сақтау жөніндегі басқа да шараларды уақтылы және сапалы орындау қажеттігін атап өтті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚБМ шамамен 2 млн 153 мың тонна мұнай өндірді.
Биыл компания ағымдағы көрсеткіштерді сақтауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, кеңес барысында Қаражанбас кен орнындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша Жол картасының орындалуы туралы есеп тыңдалды. Биыл жатақханаларды, асханаларды, киім ауыстыратын бөлмелерді, гараж бокстарын жөндеуді бастау, сонымен қатар спорт кешенін және өндірістік персоналға арналған басқа да нысандар салу жоспарланған.
Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығына еңбек жағдайлары мен әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Жарияланған күні:
8 февраля 2025
Бөлісу: