ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – ОРТАҚ ӘРІ БАСТЫ МІНДЕТ!

17 Февраль 2025

Қаражанбаста мұнай өндіру цехтарының шеберлері үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытында оқыту өткізілді. 20-дан астам маман үш күн бойы корпоративтік стандарттар, қауіпсізік мәдениеті, өмірлік маңызды қағидалар және т.б. өзекті тақырыптар бойынша білімін нығайтты.

Кен орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау тобының жетекшісі Құдайберген Ибрагим қатысушыларға соңғы жылғы көрсеткіштерді салыстыра отырып, өндірісте болған жазатайым оқиғаларға талдау жасады.  Сондай-ақ бекітілген талаптар бойынша жұмысты қауіпсіз  ұйымдастырып, мұнайшылардың ережелерге бей-жай қарамауының маңыздылығын түсіндірді. Оқытуда қауіпсіздік мәдениеті мен жазатайым оқиғалар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, тәуекелдердің алдын алу, «Қорғау» картасын толтыру, жиі қайталанатын ескертулерді болдырмау, салауатты өмір салтын сақтау тақырыптарына қатысты кейстер қарастырылды.

Қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға барлық жұмысшы жауапты. Сондықтан шеберлерге күн сайын жұмыс алдында қызметкерлерді жинап, ережелерді ескертіп отыру тапсырылды. Қатысушылар теориялық дәрістен соң алған білімі бойынша қорытынды жасап, шағын емтихан тапсырды. Еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытындағы шаралар алдағы уақытта жалғасын табады.  

Жарияланған күні:
17 февраля 2025

Бөлісу: