Құрметті әріптестер!
2025 жылдың 21 ақпанында Абай облысындағы республикаға белгілі 90 жылдық тарихы бар оқу орны — Геологиялық барлау колледжі түлектерінің екінші слетін өткізу жоспарлануда. Слет барысында Түлектер қауымдастығының атқарған жұмыстары туралы есеп тыңдалып, «Қазіргі заманғы геологиялық кәсіпорындағы жұмыс күшіне қойылатын талаптар» атты панельдік пікірталас өткізіледі.
Түлектер кездесуі – колледж қабырғасында бірге оқыған курстастастарыңызбен, оқытушыларыңызбен кездесуге, геология саласындағы жетістіктеріңізбен бөлісуге және әр жылдардағы колледж түлектерімен кездесуге, колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысуға, өзіңіз оқыған оқу орнының бүгінгі жаңалықтарын көзіңізбен көруге тамаша мүмкіндік.
Тамаша кездесу мен қызыққа толы іс-шараға қатысқыңыз келсе, төмендегі сілтеме арқылы тіркеліңіз:
Толық ақпаратты колледждің ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден біле аласыздар:
https://www.instagram.com/sgrk_official?igsh=b2JiYWg2eHUwM3Z0
Жарияланған күні:
28 января 2025
Бөлісу: