
Лилия Утебаева 1967 жылдың 7 қараша күні дүниеге келген. Білім мен ғылымға құштар ол 1993 жылы И. Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ академиясын геология мен мұнай және газ кен орындарын барлау мамандығы бойынша тәмәмдап, 2003 жылы Оңтүстік Альберта технологиялық институтын мұнай инженерлік технологияларды қолдану мамандығы бойынша білімін шыңдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы ҚазҒЗГБИ-да инженер болып бастады. 1995-2005 жылдар аралығында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» ААҚ-да инженер-технолог, бөлім басшысы болып еңбек етті. 2005-2014 жылдары «Торғай-Петролеум» АҚ-да инженер, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2014-2016 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да жетекші инженер, бөлім басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдан бері «Қаражанбасмұнай» АҚ геология бөлімінің басшысы ретінде жемісті жұмыс істеп келеді.
Лилия Утебаева 2009, 2012, 2014, 2015 жылдары адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен және кәсіби шеберлік пен еңбекте жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттармен марапатталды. Өмірлік ұстанымы: «Байлық — байлық емес, бірлік – байлық!».
Жарияланған күні:
14 января 2025
Бөлісу: