ІІ ВАХТАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

27 Декабрь 2024

Қаражанбас кен орнында ІІ вахта жұмысшылары арасындағы спорт бәсекесі мәреге жетті. Жеті спорт түрінен бір апта бойы тартысқа түскен мұнайшылар үздік нәтижелер көрсетіп, жүзден жүйрік шыққандар марапатталды.

Додаға әртүрлі цехтан 100-ден астам жұмысшы қатысты. Олар алдымен кір тасын көтеруден жарысып, артынша шахмат, бильярд, үстел теннисі сайыстарында бақ сынады. Сонымен қатар ұлттық ойын — арқан тартып, шағын футбол, волейбол ойындарында командалық рухын паш етті.

Қорытындыға сәйкес, №3 мұнай өндіру цехының операторы Нартай Алтыбаев кір тасын көтеруден үздік атанды. Ал шахматтан бу өндіру цехының учаске басшысы Рустам Шерниязов бірінші орынға жайғасса, бильярд бәсекесінде «Мобил сервис» ЖШС жүргізушісі Қайрат Жексенбинов, үстел тенисінен өндірісті жабдықтау базасының слесарі Бекзад Шадкам жеңіс тұғырынан көрінді. Командалық сайыстар бойынша арқан тарту мен шағын футболдан технологиялық көлік департаменті чемпион атанса, волейболдан №1 мұнай өндіру цехы оқ бойы озық шықты.

Жарияланған күні:
27 декабря 2024

Бөлісу: