МҰНАЙШЫ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР ӨТТІ

29 Декабрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылар балаларына дәстүр бойынша жаңа жылдық көңіл күй сыйлады. Желтоқсанның екінші жартысынан бастап мұнайшылардың ұл-қыздарына тәттіге толы қоржын таратылды. Бұдан бөлек Ақтау қаласы мен Бейнеу және Маңғыстау аудандарының орталығында «Жылан ханшайымының шытырман оқиғалары» атты ертеңгілік өтті.

Балаларға бақытты сәт сыйлаған қойылымға 3 пен 10 жас аралығындағы 6000-ға жуық бала қатысты. Олар көңілді кейіпкерлермен ертелігер әлеміне саяхаттап, ән айтып, би билеп, уақытты көңілді өткізді. Балалармен қоса ата-аналар да бір сәт сергіп, ерекше әсерге бөленді.

«Балапандарымыздың жаңа жылын өте көңілфді қарсы алып, думандатып тойлауын көру — біз үшін бақыт. Ертеңгілікке келген әр бала мәз-мейрам болып ойнап жүр. Осындай іс-шараны ұйымдастырған компанияға көп рақмет айтамыз. Жаңа жыл құтты болсын!»,- деді ата-аналар.

Жарияланған күні:
29 декабря 2024

Бөлісу: