ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МАРАПАТ

20 Декабрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері мемлекеттік маңызды мереке – Тәуелсіздік күніне орай марапатқа ие болды. Компанияның Бас директоры Нұрпейіс Сәрсенбай және Өндірістік Басқарма басшылығы ҚБМ-ның жан-жақты дамуына үлес қосып, қызметте кәсіби біліктілік пен жауапкершілік, тұрақтылық танытқан орталық кеңсе мен кен орнында жұмыс істейтін 100-ге жуық жұмысшыға Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыс етті.

«Ел тәуелсіздігі – ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен еңбегі мен ел болашағына деген сенімінің жемісі. Тарихы терең мереке әрбір азамат үшін баға жетпес құндылық, елдігіміздің негізі. Компания абыройы үшін  қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада шеберлігіңізді шыңдап, алдағы уақытта да мол тәжірибеңізді тұтас ел игілігіне жұмсайтыныңызға кәміл сенеміз!   Мереке құтты болсын!»,- деді басшылық.

ҚБМ – ел экономикасын дамыту үшін елеулі еңбек етіп келе жатқан кәсіби білікті, сауатты да тәжірибелі мамандарымен қуатты. Мерекеге орай берілген марапат қызметкерлер жұмысына серпін сыйлары сөзсіз.

Жарияланған күні:
20 декабря 2024

Бөлісу: