ҚАРАЖАНБАС САХНАСЫНДА «ӨГЕЙ ШЕШЕ» ДРАМАСЫ

15 Декабрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның 50 жылдығына орай компания қызметкерлері өндірістегі жұмысшыларға мәдени тарту жасады. Мерейтойдың іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚБМ әлеуметтік сала мамандары кен орнының мәдени демалыс орталығы сахнасында «Өгей шеше» драмасын қойды.

Аталмыш қойылым әлеуметтік сұрақтар бойынша аға маман Айгүл Сонабаеваның авторлық туындысы. Спектакльде тағдыр талқысына түскен отбасы мүшелерінің бір-бірінің бағасына жету жолындағы сан қилы оқиғасы сахналанады. Драмада әке мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы кикілжің көрсетіліп, анаға махаббат пен сағыныш мағыналы диалог және әсерлі монологтармен өрнектелді.

Бекзат өнерді бағалап келген көрермен спектакльді бір деммен тамашалады. Қойылым кеңсе қызметкерлері мен келесі ауысым жұмысшыларының да назарына ұсынылады.

Жарияланған күні:
15 декабря 2024

Бөлісу: