«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті ұжымы инженер Нұрзила Әбішованы зейнет демалысына шығарып салды. Әріптестері компанияда 37 жыл еңбек еткен маманға зор алғыс білдіріп, құрмет көрсетті.
Нұрзила Әбішова Қаражанбастың қоршаған ортаны қорғау саласына зор еңбек сіңірген кәсіби білікті маман. Қызметін ұңғымаларды ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының технигі болып бастаған ол, кейін қоршаған ортаны қорғау бағытында инженер, жетекші инженер, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. Өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған көптеген жобаларды жүзеге асыруға атсалысқан Нұрзила Бисенқызы биыл ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің төсбелгісімен марапатталып, «Экология саласының үздігі» атанды.
«Уақыттың жүйрік екені рас екен. Қаражанбастағы еңбек жолымды бастаған сәт әлі көз алдымда. Білгенімді тәжірибеде қолданып, біліктілігімізді арттырып, кен орнымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етіп жүргенде зейнет жасына да жетіппін. Кәсіби білікті мамандармен бір ортада еңбек етіп, шыңдалғаным үшін Қаражанбасқа алғысым шексіз!Мен үшін қоршаған ортаны қорғау – тек қызметім емес, азаматтық ұстанымым!»,- дейдіН.Әбішова.
Қызметте сауатты маман игі істерімен, пайым-парасатымен, келелі ақыл-кеңесімен өз үзеңгілестеріне және ізбасарларына үлгі. Өмірдің жаңа белесіне қадам басқан маман әріптестер құрметіне риясыз рақмет айтып, абыройлы қызметте сенімді серік болғаны үшін алғыс білдірді.
Жарияланған күні:
11 декабря 2024
Бөлісу: