«ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ

22 Ноябрь 2024

Қаражанбас кен орнында «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Сап түзеу жиынында азаматтық қорғау қызметі басшылығы жеке құрамның төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға дайындығын бақылап, арнайы техникаларды толық тексерілді.

Тактикалық оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 85 адам, 38 техника мен арнайы техника жұмылдырылды. Шарада қыс кезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр және дизель генераторлары, құм-қиыршық, тұз қоспаларының әзірлігі қадағаланды.

Өндіріс алаңында қауіпсіздіктің сақталуы бөлімшелердің дайындығына, олардың өзара байланысы және материалдық-техникалық базаның толыққанды жабдықталуына тікелей байланысты. Оқу-жаттығуы барысында Қаражанбастағы жедел қызметтер қыс кезінде төтенше жағдайлармен күресуге және алдын алуға дайын екенін көрсетті.

Жарияланған күні:
22 ноября 2024

Бөлісу: