ҚАРАЖАНБАСТАН АҚТАУҒА СЫЙ: ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНДА ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

21 Ноябрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) кен орнынан алғашқы мұнай фонтанының атқылағанына 50 жыл толуына орай облыс орталығына балаларға арналған әмбебап ойын алаңын тарту етті. Алаңқай 14 шағын аудандағы теңіз жағалауында орналасқан. Мұнда кішкентай тұрғындар ойын ойнап қана қоймай, спортпен айналыса алады.

Сужаңа ойын алаңының лентасын Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Саркенов пен ҚБМ Бас директоры Марат Елеусінов қиды. Шаһар басшылығы қала тұрғындары мен қонақтарының игілігіне берілген алаңқай жағалау көркіне көрік қосқанын атап өтіп, ҚБМ ұжымына алғыс білдірді.

Алаңқайдың жалпы ауданы 380 шаршы метр. Түрлі түске боялған әткеншектер, сырғанақтар мен өрмелеуіштер жағалауда демалып жүргендердің назарын бірден өзіне аударады. Ойын алаңын салу үшін сапалы жабдықтар пайдаланылған. Арнайы қоршау жасалып, отырдықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.

ҚБМ облыстағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына үнемі демеушілік көмек көрсетеді. Бұған дейін компания Түпқараған және Мұнайлы ауданының ауылдарына балалар және спорт алаңдарын салып берген еді.

Жарияланған күні:
21 ноября 2024

Бөлісу: