МАРАПАТ – АДАЛ ЕҢБЕК ЖЕМІСІ

6 Ноябрь 2024

25 қазан – Республика күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары құрметке бөленді. Ұлттық мереке қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнай-газ саласын дамытуға ерекше үлес қосқан қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық наградаларды салтанатты түрде табыс етті.

Марапатқа ие болғандар арасында №1 мұнай өндіру цехының 5-дәрежелі операторы Ниетқали Бисалиев те бар. Ғұмырының 30 жылға жуық уақытын өндіріске арнаған еңбек адамы елорда төрінде «Құрмет» орденімен марапаттады.

Еншілес және тәуелді ұйымдардың үздік қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Компаниядағы көп жылғы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және  қызметтегі берік ұстанымы үшін әлеуметтік мәселелер жөніндегі аға маман Айгүл Сонабаеваға ҚМГ естелік медалі табысталды.

Бұдан бөлек технологиялық көлік департаментінің бөлім басшысы Жансерік Әбілханов,  еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаментінің инженері Мақсот Жұмағалиев, бұрғылау бөлімінің аналитигі Гүлдана Кульчанова, персоналды оқыту және дамыту бөлімінің жетекші маманы Анар Битемирова ҚМГ басшысының құрмет грамотасымен марапатталды.

Мұнайшылардың еселі еңбегі қашанда құрметке лайық. Қара алтын игеруге атсалысып, қызметтегі жетістігімен көзге түскен қос вахта жұмысшыларын марапаттау кен орнында жалғасын табады.

Жарияланған күні:
6 ноября 2024

Бөлісу: