Жұмыс өнімділігін арттыру үшін ысырапсыз көзқарас мәдениетін қалыптастыру керек. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) «Алып 2024-2025» жетілдіру көшбасшыларын дайындау бағдарламасының алғашқы жиынында айтылды. Форумға қатысқан «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері әріптестермен пікір алмасып, жоба жоспарымен танысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов мұнайшыларды бағдарламаның сәтті басталуымен құттықтап, «Алып» әсіресе жас мамандарды кәсіби жетілдіруге ерекше ықпал ететінін атап өтті. Одан соң спикерлер тарихқа шолу жасап, ысырап және құндылық ұғымдарының мағынасы мен маңызын түсіндірді. Баяндамашылар «Алып» бағдарламасын енгізу арқылы уақыт пен жұмысшы күшін үнемдеп, еңбек өнімділігін арттырудағы артықшылықтарды тізбектеді.
ҚМГ-ның бірқатар еншілес ұйымы бұған дейін «Алыптың» шарапатын көріп үлгерді. Бағдарлама аясында білімін шыңдап, өз мекемесіне жобасын енгізген мұнайшылар нәтижесін таныстырып, тәжірибе бөлісті. Форумнан соң қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, мамандардан дәріс алды. Алдағы уақытта «Алыптықтардың» білімін шыңдау үшін түрлі семинар-тренингтер өтеді.
Жарияланған күні:
31 октября 2024
Бөлісу: