ІІ ВАХТАҒА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ

24 Октябрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басқармасы ІІ ауысымның еңбек ұжымына есеп беру кездесуін өткізді. Жиналыста 2024 жылдың 8 айында атқарылған  жұмыс қорытындысы таныстырылды. Ашық диалог форматындағы кездесуге Өндірістік басқарма, цех басшылары, қос кәсіподақ төрағасы мен мұнайшылар қатысты.

Бас директор Марат Елеусінов еңбек өнімділігі мен тиімділікті арттыруға бағытталған негізгі көрсеткіштерді атап өтті. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемі, ұңғымаларды пайдалану және өндірістік процестерді автоматтандыру саласындағы жетістіктер тізбектелді. Оған қоса компанияда еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары назардан тыс қалмады.

Бұдан соң өндірістік, қаржы-экономикалық, кадр және әлеуметтік салалар бойынша негізгі блоктар мен департамент басшылары есеп берді. Жыл басынан бері орын алған кедергілерге қарамастан әр бағыт жоспарға сай жұмыс істеп, нәтижелерді жақсартуға барын салып келеді.

Есеп беру кездесуі — компанияның жан-жақты дамуы, жұмысшылардың құқығын қорғау, еңбек және әлеуметтік мәселелері талқыланатын маңызды жиналыс. Баяндамалардан соң мұнайшылар басшылыққа өз сауалдарын қойып, нақты жауап алды. Басқарма ортақ мақсат — жылдық жоспарды толық орындау үшін мұнайшыларды бірлесіп, нәтижелі еңбек етуге шақырды.

Жарияланған күні:
24 октября 2024

Бөлісу: