
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басқармасы «Үздік маман-2024» кәсіби шеберлік байқауының республикалық кезеңінде білімі мен тәжірибесін паш етіп, компания абыройын асқақтатқан жұмысшыларды қабылдады. Бас директор Марат Елеусінов сайыста жүлделі орын алған мұнайшыларды құттықтап, Құрмет грамотасын табыс етті.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға құрмет кен орнында да жалғасты. Компания басшылығы вахтада жүрген жұмысшыларды марапаттап, жарыста жарқын нәтиже көрсеткені үшін алғыс білдірді. «Үздік мамандар» да Қаражанбас намысын қорғау зор жауапкершілік екенін сезінгенін жеткізіп, сайыскерлерге қолдау көрсеткені үшін басшылыққа рақмет айтты.
Еске сала кетейік, «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жұмысшылары арасындағы жарыста ҚБМ жұмысшылары 8 аталым бойынша үш ІІІ, екі ІІ және үш І орын иеленді.
Жарияланған күні:
22 октября 2024
Бөлісу: