БАҚЫТГҮЛ САҒЫНДЫҚОВА — ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫСТАР ЦЕХЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ

16 Октябрь 2024

 Бақытгүл Сағындықова 1970 жылы Шевченко қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 32 жыл бұрын «Қаражанбасмұнай» АҚ-да 4 дәрежелі химиялық талдау зертханашысы болып бастаған. 1994 жылдан 2000 жылға дейін химия-Аналитикалық зертханада инженер қызметін атқарды. 2000 жылдың сәуір айынан бастап қазірге дейін зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеп келеді.

Ол кен орнында тәжірибеден өткен көптеген студенттің тәлімгері. Бақытгүл жетекшілік еткен екі тәжірибеден өтуші 2023-2024жж. облыстық «World skills» байқауының «Химиялық талдау зертханашысы» аталымы бойынша І орынды иеленді.

Өмірлік ұстанымы: «Күш – бірлікте!»

Жарияланған күні:
16 октября 2024

Бөлісу: