ҚБМ ЖАСТАРЫ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

8 Октябрь 2024

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ) «Жас маман кеңесі» мүшелері аймақтағы өндірістік мекемелер жұмысшылары арасынағы ой жарыста жеңімпаз атанды.

Жас мамандардың бірлігін нығайту мақсатында «Риза-Ана» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақша QUIZ» зияткерлік сайысына 6 құрама қатысты.

Ойы ұшқыр, креативті мұнайшылар бес кезең бойы тарих, мәдениет, медиа, спорт бағыттары бойынша қойылған логикалық сұрақтардың шешімін тауып, берілген тапсырмаларды тез әрі дұрыс табуға тырысты.

Соңғы кезде трендке айналған ой бәйгесінде ҚБМ намысын қос команда қорғады. Өндірісте еңбек ететін жұмысшылар мен орталық кеңсе қызметкерлерінен құралған «Real Drill» және «R-12» командалары тапсырмаларды орынлау барысында жылдар бойы жиған білімі мен барлық қабілеттерін паш етті. Quiz қорытындысы бойынша «Real Drill» ұпай санымен басым түсіп, І орынға лайық деп танылды.

Жарияланған күні:
8 октября 2024

Бөлісу: