
Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобына қарасты жұмысшы мамандықтары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы басталды. Сайыста Маңғыстау Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласындағы ҚМГ кәсіпорындарының ішкі іріктеу кезеңдерінде жүзден жүйрік шыққан 300 қатысушы 17 аталым бойынша бақ сынайды. Сондай-ақ биыл байқауға алғаш рет Румыниядағы «KMG International» компаниясының жұмысшылары қатысып жатыр.
Үміткерлер алдымен компьютерлік тестілеу арқылы теориялық білімін дәлелдейді. Содан соң «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында, Ақтау қаласындағы «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының оқу орталығында және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС химиялық талдау зертханасының базасында практикалық тапсырмаларды орындайды.
Айта кетейік, былтыр «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары жалпы саны 14 жүлде иеленген еді. Компания намысын арқалаған білімді де тәжірибелі мұнайшылар биылғы бәсекеде де жеңіс тұғырынан көрінеріне сенеміз!
Жарияланған күні:
8 октября 2024
Бөлісу: