
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары елімізде атом электр станциясын салуға қатысты жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасады. Таңғы сағат 6:00-де Қаражанбас кен орнындағы №236 референдум учаскесі жұмысын бастап, өндірістік цехтар мен бөлімшелер қызметкерлері дауыс беруге кірісті.
Ең алдымен мұнай өндіру цехтары жұмысшылары өз конституциялық құқықтарын пайдаланды. Бұдан соң өзге де қаражанбастықтар іс-шараның еліміз үшін маңыздылығын түсіне отырып, кезекпен бюллетень алып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Бұдан бөлек орталық кеңсе қызметкерлері мен вахтааралық демалыстағы жұмысшылар тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс берді. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар сайлау учаскесінде референдумды ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы мен қатысушылар белсенділігін атап өтті.
Жарияланған күні:
6 октября 2024
Бөлісу: