
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері «Бүкіләлемдік тазалық күні (World Cleanup Day 2024)» күні аясында Ақтау қаласының 18а ш/а сенбілік өткізді.
Жыл сайын белсенді түрде өткізілетін сенбілікке мұнайшылар таң атысымен белсене кірісіп, бекітілген жердегі қоқыстарды тазалады. Экоакцияға Орталық аппараттың 50-ге жуық қызметкері қатысты.
Айта кетейік, Қаражанбастықтар биыл тазалық акцияларына белсенді түрде қатысып келеді. Бұған дейін олар тек қаланың емес, облыстың өзге де өңірлеріндегі қоқыстарды тазалап, қоршаған ортаның дамуына тікелей үлесін қосты.
Жарияланған күні:
21 сентября 2024
Бөлісу: