Елордада Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай Премьер-Министр Олжас Бектенов қара алтын игеру саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Президент атынан марапаттар табыс етті. Үкімет басшысы Қазақстанды әлемдік энергетика нарығындағы жетекші елдер қатарына қосқан сала ардагерлері, мұнайшылар, инженерлер мен ғалымдардға ерен еңбегі мен қажыр-қайраты үшін алғыс білдірді.
Бұдан соң Премьер-Министр мұнай-газ секторын дамытуға атсалысқан 40 қызметкерге марапат табыс етті. Олардың арасында «Қаражанбасмұнай» АҚ-на көп жылдық еңбегі сіңген жұмысшылар да бар. Атап айтсақ, Орталық инженерлік-технологиялық қызмет басшысы Жақсыбек Рахманов «Құрмет» орденімен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Рүстембек Жайлау IІI дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, мұнай дайындау және айдау цехының басшысы Бекжан Ешекенов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Біз өмірімізді өндіріске арнап, қазыналы түбек Маңғыстаудағы Бозашы мұнайын игеруге атсалысу арқылы еліміздің экономикасын дамытуға үлес қосып жүргенімізге ризамыз. Кәсіби мерекеде талай жылғы еңбектің жемісі ретінде жоғары марапатқа ие болып жатқанымызға қуаныштымыз. Еліміз әлі де дамып, абыройымыз арта берсін! Мұнайымыз көп болсын! Мұнайшылар жасасын!»,- деді қаражанбастықтар.
Жарияланған күні:
5 сентября 2024
Бөлісу: