28 тамыз күні Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралар Ақтауда жалғасын тапты. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, ЕТҰ қызметкерлері, сала ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты.
Салтанатты шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ)қарасты «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақтеңізкөлікфлоты»ЖШС, «Caspi Bitum» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС және басқа да кәсіпорындардың еңбек сіңірген қызметкерлеріне мерейтой медальдары, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Асхат Хасенов әріптестері мен мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мұнайшыларға еңбектері үшін алғыс айтып, саланың дамуына қосқан үлестерін ерекше атап өтті.
ҚМГ үшін жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесі әрқашан өзекті. Осыған орай, Ұлттық компания өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған бірнеше жобаны іске қосты. Қаражанбас кен орнындағы ілеспе қабат суын тұшытузауыты толық қуатына шығып, қазір тәулігіне 17 мың текше метр су өндіреді. Бұған дейін Қаражанбас «Астрахань-Маңғышлақ» құбырынан су алып отырды. Енді Еділ суының бұл көлемі облыстың елді мекендеріне жіберіледі. Сондай-ақ, Кендірлі ауылында теңіз суын тұшытузауыты салынып жатыр. Бұл жоба Жаңаөзен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚазМұнайГаздың Маңғыстаудағы кәсіпорындары ауыл-аудандарда мәдени ошақтар, медицина және спорт нысандарын, мектептер мен балабақшалар сала отырып, жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып келеді.
Жарияланған күні:
28 августа 2024
Бөлісу: