«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) құрылымдық бөлімшелерінің мамандары мен өндірістік цехтар басшылығына «Стресстік қалыпты басқару» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мұнайшыларға персоналды дамыту саласындағы танымал тренерлер Ерлан Мұстафин мен Руслан Тоқатов дәріс оқып, қызмет барысындағы стресске төзімділікті дамыту құпияларымен бөлісті.
Семинарға екі вахтадан барлығы 60 қызметкер қатысты. Олар жұмыс кезінде стресстің пайда болу себептерін талқылап, аталмыш жағдайда эмоцияны басқару жолдарын пысықтады. Ақпараттық белгісіздік, уақыт тапшылығы, қызметтік дау сияқты бірнеше фактор кәсіби этиканың бұзылуына әкеп соғу арқылы жұмысшының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Оқыту барысында спикерлер жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 50 жасқа дейінгі менеджерлердің 80%-ы стресс салдарынан түрлі ауруларға шалдығаты дәлелденгенін атап өтті.Сондықтан күйзелістің алдын алу әдістерінмеңгеру қолайсыз жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.
Оқыту қаражанбастықтардың ұжымдық бірлігін нығайту мақсатында тимбилдингпен жалғаты. Жұмысшылар бірнеше топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды тез әрі сапалы орындауға тырысты. Семинар соңында қатысушыларға алған білімін растайтын сертификаттар берілді.
Жарияланған күні:
3 июля 2024
Бөлісу: