«KARAZHANBASMUNAI CUP» ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

28 Июнь 2024

«Қаражанбасмұнай АҚ» (ҚБМ) ұйымдастыруымен өткен Республикалық шағын футбол турнирінің үздіктері анықталды. Маңғыстау және Атырау облысы қала-аудандарының намысын қорғаған 7-8 және 12-13 жастағы балалар мен жасөспірімдер жасыл алаңда кәсіби футболшылардан кем емес ойын өрнегін көрсетті.

Екі күндік аяқдоп бәсекесінің қорытындысы бойынша 2016-2017 жылы туған балалар арасынан Бейбарыс Қайырбек (BS TEAM), Жанатбек Сәрсенбай («Namys» Қызылтөбе), Илия Қазақ (Ақшұқыр БЖСМ) Әлішер Әділ («Жебе») «Үздік ойыншы», жасөспірімдер арасында Ерасыл Сембай(Бейбарыс) «Үздік қақпашы», Сақи Амангелді (Ақшұқыр БЖСМ) «Үздік қорғаушы», Нұрбол Қуаныш (Майкөмген БЖСМ) «Үздік шабуылшы», Ербол Дурдимуратов («Namys» Қызылтөбе) «Үздік сұрмерген», Азамат Қорғанбек (Ақшұқыр БЖСМ) «Үздік ойыншы» атағына лайық деп танылды.

Ал командалық есепте Атырау қаласының «Бейбарыс» командасы үздік үштікті түйіндеді. Екінші орынға Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылының «Namys» командасы жайғасты. Ойын басталғаннан бері белсенділік танытқан «Ақшұқыр БЖСМ» құрамасы мықтылығын дәлелдеп, чемпиондық атақты абыроймен қорғады. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар мен сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Осылайша Қаражанбас кен орнынан алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл толуына орай өткен спорт додасы жас футболшылардың бірлігін нығайтты. Олар жарыста бір-біріне қарсы командада ойнағанымен, жаңа достар тауып, тәжірибе алмасты.

Жарияланған күні:
28 июня 2024

Бөлісу: