
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ омбудсмені Серікбай Тұрымов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ омбудсмені Еркін Рахымбергенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қаражанбас кен орнына келді. Сапар барысында олар«Қаражанбасмұнай АҚ»-дағыәлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен танысып, бірқатар нысандарды аралады.
Өндірістік Басқарма басшылығы қос омбудсменді ең алдымен кен орнында салынып жатқан төрт блоктан тұратын, 192 адамға арналған жаңа жатақхананың құрылыс алаңына апарды. Қазір мұнда жұмыс қарқынды, ғимараттыңқабырғасы қаланып, төбесі жабылған, ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бұдан соң олар вахталық кентке ат басын бұрып, мұнайшылардың тұрмыстық жағдайымен танысты. Нақтырақ айтсақ, жатақхана бөлмелерін аралап, жұмысшылардың төсек орны мен қажетті жабдықтарының толық екеніне көз жеткізді. Сондай-ақ мұнайшылардың жұмыстан тыс уақытын тиімді өткізуге бағытталған мәдени-демалыс орталығындағы концерт залы, кітапхана, музей мен спорт залына шолу жасалды.
Сапар соңында омбудсмендер атқарылып жатқан жұмыстарды кестеге сай, өз уақытында орындау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын басты назарда ұстап, қажетті құрылғылардыуақытылы, сапалы тауарлармен толықтыруды ұсынды.
Жарияланған күні:
29 мая 2024
Бөлісу: