
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) Басқармасының шешімімен, Өндірістік Басқарма директоры лауазымына Ақмұханов Руслан Орынбайұлы тағайындады. Ол бұған дейін пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының (ПЖИЖЦ) басшысы қызметін атқарды.
Руслан Ақмұханов Маңғыстау «Болашақ» институтында «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын Қаражанбас кен орнында осыдан 20 жыл бұрын бұрғышы көмекшісі болып бастады. Әр жылдары мұнай өндіру технологиялары бөлімінде (МӨТБ) маман, инженер, ұңғымаларды ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехында (ҰҒЗжӨЖЦ) аға инженер, цех басшысы, №2 мұнай өндіру цехының (МӨЦ) және ПЖИЖЦ басшысы болып жұмыс істеді.
Ол түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік байқаулары мен жарыстардың жеңімпазы, ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы.
Жарияланған күні:
28 мая 2024
Бөлісу: