ЖАС МАМАНДАР – ҚАРАЖАНБАСТЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

23 Май 2024

ЖАС МАМАНДАР – ҚАРАЖАНБАСТЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ   «Қаражанбасмұнай» АҚ-да (ҚБМ) төртінші жыл қатарынан «Жас маман күні» жобасы өтті. Екі күндік шараға компанияның 35 жасқа дейінгі 80-ге жуық жұмысшысы қатысты. Ашылу салтанатында компанияның Бас директоры Марат Елеусінов «Жас маман кеңесі» — ҚБМ-ның қозғаушы күші екенін алға тартып, алдағы бастамаларына сәттілік пен толағай табыс тіледі.

Жобаға қатысушылар дәстүр бойынша алдымен танымал тренерлердің оқыту сабақтарына қатысты. Сондай-ақ командалық рухты нығайту мақсатында зияткерлік, спорттық ойындар ойнады. Осылайша жас мамандар әріптестік байланыстарын дамытып, жаңа достар тапты. Шара салтанатты кешкі ас пен шоу бағдарламаға ұласты. Кеште командалық жарыстар жеңімпаздары марапатталып, дипломдар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.

Жарияланған күні:
23 мая 2024

Бөлісу: