ЕРКІН ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ

6 Мамыр 2024

Қаражанбас кен орнының мәдени-демалыс орталығында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай әдеби-сазды кеш өтті. Компанияның талантты жұмысшылары мен кен орнына көршілес «Қаражанбас» шекара заставасының  сарбаздары мұнайшыларға концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

Әдеби-сазды кеш Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандар мен қаза болған сарбаздарды  еске алып, бір минут үнсіздік жариялаудан басталды. Одан соң өнерпаздар ерлік, рух, жеңіс тақырыбындағы патриоттық өлеңдер оқып, әндер шырқады. Бұдан бөлек сарбаздар перфомансы жұмысшыларға жігер беріп, мұнайшылар орындаған күмбір күйлер көрермендерді ерекше әсерге бөледі.  

Отан – ең  қасиетті де қастерлі ұғым. Сондықтан оны қорғау әр азаматтың міндеті. Алаңсыз бейбіт өмір үшін күрескен ағалардың, әкелердің, аталардың ерлігі мен мұқалмас жігері ұрпаққа әрқашан үлгі. Ал бабадан қалған байтақ далада қара алтын игеру арқылы еліміздің экономикасын өркендетіп жүрген қаражанбастық мұнайшылардың адал еңбегі құрметке лайық!

Жарияланған күні:
6 Мамыр 2024

Бөлісу: