БІРГЕМІЗ! МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙШЫЛАРЫНАН АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА КӨМЕК

7 Апрель 2024

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-на (ҚМГ) қарасты Маңғыстаудың маңдайалды мұнай компаниялары су тасқынынан зардап шеккен және әлі де қауіп төніп тұрған Атырау халқына көмек көрсету үшін күш біріктірді. Өңір мұнайшылары көрші облысқа қаржылай, гуманитарлық көмек пен арнайы құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстарын кезең-кезеңімен ұйымдастырып жатыр.

Бұл жолы «ӨзенМұнайГаз» АҚ (ӨМГ) көрші облысқа 20-дан астам арнайы техника бөліп, «Маңғыстаумұнайгаз» (ММГ) және «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары қажетті құрал жабдықтар жіберді.
Қаражанбастықтар көмек ретінде жасанды бөгет жасауға 8000 қапшық, 200 күрек және 200 су өткізбейтін резеңке етік қосты. Арнайы техникалар Жетібай-Құлсары бағытында жолға шықты.

Бұдан бөлек, ҚБМ жас мамандары Ақтауда ашылған эвакуациялық пункке жеткізілген атыраулық тұрғындарға жәрдемдесіп, азық-түлік, көрпе-төсек, киім-кешек пен гигиеналық заттарды үлестіруге атсалысып жүр.

Апат айтып келмейді. Сондықтан мұнайшылар Атырау облысы халқына қолдау көрсетіп, жәрдемдесуді жалғастырады.

Жарияланған күні:
7 апреля 2024

Бөлісу: