ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨЗ ҚАУІПСІЗДІГІҢ!

4 Апрель 2024

 «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның Ақтау қаласында орналасқан материалдық-техникалық жабдықтау базасында (МТЖБ) «Өрт —  тілсіз жау, өрттен сақтану шаралары» атты оқу-жаттығу сабағы өтті. Оқу-жаттығуға «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС мамандары қатысып, қызметкерлерге қызыл жалынды тез әрі оңай ауыздықтау техникасын таныстырды.

Өрт — айтып келмейтін қауіпті апат.  Мұндай жағдайда адам абдырап, қарапайым қағидаларға мән бермей жатады. Сондықтан мамандар алдымен жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі бойынша білімін пысықтап, қауіп төнген кезде қалай қорғану және өзгелерге жәрдемдесу ережелерін түсіндірді.

Оқу-жаттығу теориялық түсіндіру жұмыстарынан соң практикалық тапсырма орындаумен жалғасты. Мамандар жұмысшыларға өрт сөндіру құралдарын нұсқаулық бойынша дұрыс қолдану ережесін үйретті. Сабақ соңында «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС қызметкерлері өрт қателіктерді кешірмейтінін алға тартып, МТЖБ жұмысшыларын қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Жарияланған күні:
4 апреля 2024

Бөлісу: