«Қаражанбасмұнай» aкционерлік қоғамы

ҚБМ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ КЕН ОРНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы ІІ вахтаның еңбек ұжымымен кездесті. Бас директор Нұртаза Ибрашев, Өндірістік Басқарма басшылығы және кәсіподақ ұйымы төрағалары қатысқан кездесуде компанияның өндіріс көрсетікіші, алдағы міндеттер мен еңбек ұжымын толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Жыл басынан бері Қаражанбас кен орнында мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатында теңіз жағалауы аймағын игеруге басымдық берілген. Қазір мұнда 40-қа жуық ұңғыма бұрғыланып, әрқайсысынан тәулігіне орта есеппен 7 тоннадан астам мұнай өндіріледі. Жыл соңына дейін ұңғымалар санын 50-ге жеткізіп, қосымша 40 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр.

Кездесуде қаржы шығынын оңтайландыру, мұнайшылардың еңбек жағдайын жақсарту, кадр қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды. Мұнайшылар өздерін толғандырған сауалдарын басшылыққа тікелей қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.

Жұмыс сапары соңында компания басшылығы кен орнында салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылыс барысымен де танысты. Қазір нысанды пайдалануға беруге дайындық қарқынды. Бас директор жауапты мамандарға жұмысты уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.

ҚАРАЖАНБАС ГЕОЛОГІ ЖАПОНИЯДА БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРДІ
«Қаражанбасмұнай» АҚ геология және игеру бөлімінің геологі Абай Сүгіров Жапонияда кәсіби біліктілігін арттырды. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Алып» бағдарламасы аясында үздік инновациялық жобасымен көзге түсіп, халықаралық оқу курсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Абай Сүгіров екі айға жуық уақыт бойы «Japan Organization for Metals and Energy Security (JOGMEC) ұйымының оқу орталығында «Geophysics Course» бағдарламасы бойынша білім алды. Оқу курсына Индонезия, Вьетнам, Таиланд, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ирак, Әзербайжан, Мозамбик және Малайзиядан келген мұнайшы-геологтар, геофизиктер мен кен орындарын игеру мамандары қатысты.

Бағдарлама аясында қатысушылар мұнай жүйесін талдау, сейсмикалық деректерді түсіндіру және сейсмикалық барлау технологиялары бойынша теориялық білім алып, тәжірибе сабақтарына қатысты. Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында Ниигата өңіріне геологиялық экскурсия ұйымдастырылып, дәріс алушылар геологиялық құрылымдар мен тау жыныстарын зерттеді. Сондай-ақ 3D сейсмикалық түсірілім жүргізетін «TANSA» кемесіне барып, теңіздегі сейсмикалық барлау жүйелерімен, оның ішінде вибросейсмикалық технологиялармен танысты.

«Жапония мен үшін бала кезден арман болған ел еді. «Алып» бағдарламасының арқасында сол арманым орындалды. «Geophysics Course» геофизикалық технологиялардың даму бағытын және олардың мұнай-газ саласының өзгеріп отырған қажеттіліктеріне қалай жауап беретінін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Бағдарлама барысында жапон тілі, мәдениеті, тарихымен де таныстық. Оқудан бөлек, жапон халқының ұқыптылығы, тәртібі және күнделікті өмірдегі әрбір ұсақ-түйекке дейін мән беретін мұқияттылығы ерекше әсер қалдырды. Хиросимадағы Бейбітшілік мұражайына бару бейбітшіліктің қаншалықты құнды екенін тағы бір мәрте сезіндірді. Бұл сапардан мол білім жинап қана қоймай, әлемнің әр түкпірінен жаңа достар таптым», — дейді Абай.

Халықаралық оқу бағдарламасына қатысу ізденістен жалықпайтын білікті жастардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, заманауи геофизикалық әдістер мен технологиялар бойынша тәжірибе жинақтауына жол ашты. Бұл мұнайшылардың кәсіби дамуына және компанияның өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Абай да Жапониядан жиған білімін алдағы уақытта Қаражанбастың қара алтынын игеруге арнауды мақсат етіп отыр.

Металл сынықтарын сату туралы хабарландыру
«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуетті сатып алушыларды мүлікті сату бойынша бағаны өсіру әдісімен өтетін электрондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады:

1) «Бұрын пайдалануда болған сорғы-компрессорлық құбырлар түріндегі металл сынықтары» – 2 063 тонна. Бастапқы бағасы – 99 201 418 теңге (1 тонна бағасы — 48 086 теңге).

2) «Бұрын пайдалануда болған сорғы штангалары түріндегі металл сынықтары» – 450 тонна. Бастапқы бағасы – 18 403 200 теңге (1 тонна бағасы — 40 896 теңге).

3) «Басқа сынықтар түріндегі металл сынықтары және қара металдардың қалдықтары (СКҚ-дан және сорғы штангаларынан басқа, жеңіл салмақты металл сынықтары мен қаңылтырлар, сондай-ақ ауыр металл сынықтары)» – 728 тонна. Бастапқы бағасы – 30 348 864 теңге (1 тонна бағасы – 41 688 теңге).

4) «Объектілерді бөлшектеу жолымен алынған металл сынықтары» – 845 тонна.Бастапқы бағасы – 26 207 400 теңге (1 тонна бағасы – 31 000 теңге).

Электрондық сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты: 20.11.2026ж., уақытымен сағат 10:00.

Электрондық сауда-саттық шарттары және сатылымға шығарылатын металл сынықтары туралы толық ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген (www.e-qazyna.kz).

Қосымша ақпаратты 8 (7292) 473828 телефоны бойынша алуға болады.

«ҚАРАЖАНБАСМҰНАЙ» АҚ БАСШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнына жұмыс сапарымен барды. Кездесу барысында Бас директор Нұртаза Ибрашев І вахтадағы еңбек ұжымына компанияның қазіргі өндірістік көрсеткіштерін таныстырып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Ашық диалог форматында өткен жүздесуге кәсіподақ ұйымы төрағалары да қатысты. Мұнайшылар басшылықпен тікелей пікір алмасып, толғандырған сауалдарды қойды. Тараптар еңбек қауіпсіздігі, өндіріс көлемін арттыру, жаңа аумақтарды игеруде тиімді әдістерді қолдану және мұнайшылардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Кездесу еңбек ұжымы мен басшылық арасындағы өзара байланысты нығайта түсті. Нұртаза Ибрашев жұмысшыларды ортақ мақсаттарға жету жолында бірлесе еңбек етуге шақырды. Жүздесуді ІІ вахта жұмысшыларымен де өткізу жоспарланып отыр.

Талап етілмеген өтімді ТМҚ сату туралы хабарландыру
«Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуетті сатып алушыларды мүлікті сату бойынша бағаны өсіру әдісімен өтетін электрондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады: «Талап етілмеген өтімді тауар-материалдық құндылықтар»:

Лот №1: бастапқы бағасы – 191 948 016 (бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген);

Лот №2: бастапқы бағасы – 797 253 251 (бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген);

Лот №3: бастапқы бағасы – 739 229 529 (бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген);

Лот №2: бастапқы бағасы – 667 029 598 (бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген);

Лот №2: бастапқы бағасы – 408 305 910 (бағасы ҚҚС есебімен көрсетілген).

Электрондық сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты: 17.11.2026ж., уақытымен сағат 10:00.

Электрондық сауда-саттық шарттары туралы толық ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында көрсетілген (www.e-qazyna.kz).

Қосымша ақпаратты 8 (7292) 473828 телефоны бойынша алуға болады.

МҰНАЙШЫЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Республика күніне орай құрметке бөленді. Компания басшылығы өлке мұнайын игеруге елеулі үлес қосып келе жатқан мұнайшыларды Ұлттық мерекемен құттықтап, қаражанбастықтардың адал еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті.

Бас директор Нұртаза Ибрашев пен Өндірістік Басқарма директоры Әсет Қайырбаев кен орны мен орталық кеңседе еңбек ететін 30-дан астам жұмысшыға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «Үздік мұнайшы», «Үздік мұнай тасымалдаушы» төсбелгісі, естелік белгісі, ҚМГ және ҚБМ басшылығы атынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады. Марапат еңбек адамдарына ерекше серпін беріп, кәсіби міндетін абыроймен атқаруға деген ынтасын арттырды.

Компания жетістігі – әр маманның табанды еңбегі мен ұжымдағы ортақ жұмыс нәтижесі. Сондықтан басшылық мұнайшыларды алдағы уақытта да өндірістік міндеттерді абыроймен орындап, отандық мұнай-газ саласын өркендету жолында жұдырықтай жұмылып қызмет етуге шақырды.

ҚБМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
25 қазан – Республика күні қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Мұнай-газ саласының дамуына және өндіріс тиімділігін арттыруға ұзақ жылдар бойы елеулі үлес қосып келе жатқан жұмысшыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Іс-шара барысында Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуы мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мұнай-газ саласының стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ өндірістегі табанды еңбектің, кәсібилік пен жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.

«Үздік мұнайшы» төсбелгісімен:

* Бұрғылау учаскесінің 6-дәрежелі бұрғышысы Юрий Биалиев;

* №1 ұңғыларды күрделі және жерасты жөндеу цехының аға шебері Болат Нұрниязов;

* №1 мұнай өндіру цехының шебері Жексенбай Шалабаев марапатталды.

Ал ҚМГ естелік белгісі:

* Жол жөндеу және құрылыс учаскесінің басшысы Батырбек Бекбаевқа;

* Өндірістік-техникалық бөлімнің талдаушысы Гаухар Кокшееваға;

* Геология бөлімінің жетекші геофизигі Қансұлу Аязоваға берілді.

ҚБМ ұжымы марапат иелерін құттықтап, олардың кәсіби жетістіктері мен өндірістегі еселі еңбегіне табыс тілейді.

ҚАРАЖАНБАСҚА «SOCAR» ЖӘНЕ «ТАТНЕФТЬ» ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ
Қаражанбас кен орнына Әзірбайжан мен Татарстандағы мұнай компаниясы өкілдері жұмыс сапарымен келді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «SOCAR», «Татнефть» және «Узбекнефтегаз» арасындағы цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумына сәйкес делегаттар кен орнының тынысымен танысты.

Қаражанбас тұтқырлығы жоғары, қою мұнай өндіруімен ерекшеленетін кен орын. Мұнда қара алтын өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында жер қабатына су мен бу айдау технологиясы қолданылады. Делегация осы процеспен танысу үшін алдымен бу өндіру цехында болды. Бу генераторлары паркін аралап, бу өндірудің технологиялық кезеңдерімен және өндірістік жабдықтардың жұмысын бақылады. Сонымен қатар кен орнындағы технологиялық процестердің ұйымдастырылуы мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесіне назар аударды.

Бұдан кейін қонақтар ілеспе қабат суын тұшыту зауытында болды. Зауытта тәулігіне 17 мың текше метр су тұшытылады. Тұшытылған су жер қабатына қайта айдауға пайдаланылады. Бұл – өндірістік қажеттіліктерге арналған су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сапар аясында шетелдік әріптестер Қаражанбас кен орнында қолданылатын өндірістік шешімдермен танысып, мұнай өндіру технологиялары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибені өзара талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер компаниялар арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, озық тәжірибелерді зерделеуге және өндірістік тиімділік пен қауіпсіздікті арттыру бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
19 қазан – Құтқарушылар күніне орай «Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы кен орнында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық-құтқару жұмыстарын атқаратын «Семсер-Өрт сөндіруші» және «Ақ Берен» Республикалық орталық штабы ЖШС қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бас директор Нұртаза Ибрашев өндіріс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету бағытындағы жұмыстың маңызына тоқталды. Сондай-ақ жауапты қызметті серік еткен мамандарға кәсібилігі, қырағылығы үшін алғыс білдірді.

Құтқарушылардың күнделікті еңбегі өндіріс қауіпсіздігін нығайтуға, мұнайшылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға және кен орнындағы тұрақты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Компания басшылығы құтқарушыларды алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, ортақ міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

Қаражанбас кен орнын дамыту бойынша алдағы басымдықтар айқындалды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметінің мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясын іске асыруға басты назар аударылды.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚБМ 1 млн 549 мың тонна мұнай өндірді. Қосымша мұнай өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін кәсіпорында мұнай алу коэффицентін арттыруға бағытталған шаралар кешені қолға алынды. Айталық, кен орынның Теңіз жағалауы аймағында жаңа ұңғымалар игеруге енгізіліп жатса, Шығыс учаскесінде бу мен суды кезектесіп айдаумен бірге бу-жылу арқылы әсер ету технологиялары іске қосылуда. Бұл шаралар полимерлі су айдау және бүйірлік оқпандарды бұрғылау әдістерімен қатар мұнай өндіру көлемін арттыруға ықпал етеді.

Бүйірлік оқпандарды бұрғылау тәжірибесі сәтті болды. Биыл бұл технология оқпандардың болмауы салдарынан тоқтатылып, бос тұрған қордың үш ұңғымасында қолданылды. Нәтижесінде олар қайта іске қосылды. Мұнай алу коэффициентін одан әрі ұлғайту мақсатында қиын жерлерде орналасқан, көлденең аяқталатын төрт ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жоспарланып отыр. Осы ұңғымалардың біреуі Теңіз жағалауы аймағында бұрғыланады.

Жағалау аймағын дамыту — ресурстық базаны толықтыруға бағытталған ҚБМ-ның негізгі жобаларының бірі. Оны іске асыру геологиялық қор көлемін 12 млн тоннаға дейін, ал алынатын қорды 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта учаскеде 30 ұңғыма, оның ішінде 8 бағалау және 22 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды.

Компанияда цифрлық шешімдер жүйелі түрде енгізіліп келеді. 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚБМ-да «Сапарларды басқару» ақпараттық жүйесі қолданылуда. Оны кәсіпорын автопаркінің жұмысын оңтайландыру үшін ҚМГ мен «KMG Digital» ЖШС бірлесіп әзірледі. Аса қауіпті жұмыстарға рұқсат беруді автоматтандыру үшін «электрондық наряд-рұқсат» жобасы іске қосылды, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу үшін TUMAR бейнеталдау жүйесінің ауқымы кеңейіп жатыр. ABAI ақпараттық жүйесі аясында өндірісті оңтайландыру және инженерлік есептеулердің дәлдігін арттыру үшін жасанды интеллект алгоритмдері әзірленуде.

Жиын соңында ҚМГ басшысы мұнай алу коэффицентін ұлғайтуға, ресурстық базаны толықтыруға және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруды тапсырды.

«ҮЗДІК МАМАН – 2026»: ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да жұмысшылардың кәсіби шеберлігін сарапқа салатын «Үздік маман — 2026» байқауының қорытындысы шығарылды. Биылғы сайысқа 24 аталым бойынша екі вахтадан 400-ге жуық қызметкер қатысып, өзара кәсіби білімі мен тәжірибесін сынады.

Қатысушылар алғашқы кезеңде өз қызметі мен қауіпсіздік техникасы бойынша тест тапсырды. Теориядан жоғары нәтиже көрсеткен жұмысшылар екінші кезеңге өтіп, тәжірибе тапсырмаларын орындады. Мұнда қатысушылардың білімін өндірісте тиімді қолдана білуі, жұмысты сапалы әрі қауіпсіз орындау дағдылары бағаланды. Байқау еңбек адамдарының беделін арттырып, кәсіби біліктілікті жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жүзден жүйріктерді анықтауға мүмкіндік берді.

Байқаудың І орын иегерлері қазан айында Атырау қаласында өтетін «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатына 12 аталым бойынша қатысады. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы үздіктермен сынға түсіп, ҚБМ намысын абыроймен қорғауға тырысады.

ЕРЕН ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ
«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкері еңбек күніне орай мемлекеттік марапатқа ие болды. Астанада өткен «Еңбек – ел мұраты» республикалық форумында өндірісті автоматтандыру бөлімінің басшысы Таңат Шонқалов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Салтанатты іс-шарада награданы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов табыс етті.

Таңат Шонқалов — 45 жыл тәжірибесі бар білікті маман. Өнегелі еңбек жолының 32 жылы мұнай-газ саласымен тығыз байланысты. Ол Қаражанбас кен орнында бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі қызметінен бастап, шебер, жетекші инженер, цех басшысы сияқты лауазымдарда абыройлы еңбек етті. Соңғы төрт жыл көлемінде өндірісті автоматтандыру бөлімін басқарып келеді.

Марапат иесі өндірістік процестерді жетілдіруге, автоматтандыру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және өндірістегі технологиялық тәртіптің сақталуына жауаптылардың бірі. Еңбек адамы көп жылдық тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, кәсіби сабақтастықтың қалыптасуына да атсалысып жүр.