ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІ – ОТБАСЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

15 Сентябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да отбасы құндылықтары арқылы қауіпсіз еңбек мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шаралар сәтті жалғасып келеді. Компанияның 2025-2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту бойынша Жол картасына сәйкес, басшылық қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға үлес қосып жүрген мұнайшылардың отбасы мүшелерін қабылдады.

Алдымен  еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Самат Бисенов өндірістегі қауіпсіздіктің маңызына тоқталып, ҚБМ үшін адам өмірі — ең басты құндылық екенін атап өтті. Ол қауіпсіздік талаптарын сақтау тек жұмыс орнымен шектелмей, отбасында да үнемі айтылып, күнделікті өмірдің маңызды қағидатына айналуы қажет екенін жеткізді.

Мұнайшылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруда отбасының қолдауы мен жанашырлығының маңызы зор. Осыған орай Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жасұланбек Таңатов қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауға деген жауапкершілігін қолдап, олардың амандығына алаңдап, моральдық тұрғыда демеу көрсетіп жүргені үшін отбасы мүшелеріне Басқарма атынан алғыс хат табыс етті. Мұндай бастамалар қауіпсіздік құндылығын отбасы деңгейінде де дәріптеп, әр қызметкердің амандығына деген ортақ жауапкершілікті нығайта түседі.

Жарияланған күні:
15 сентября 2026

Бөлісу: