ҚАРАЖАНБАС ГЕОЛОГТАРЫ КӘСІБИ БІЛІМІН ШЫҢДАДЫ

14 Сентябрь 2026

«Қаражанбасмұнай» АҚ Геология және игеру бөлімінің мамандары жер қабатын гидравликалық қысыммен жару технологиясы бойынша кәсіби білімін жетілдіріп жатыр. Теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастыратын курста олар аталмыш әдісті жобалау және қолдану бойынша білімін жаңартып, өзге кен орындарында жинақталған тәжірибемен танысты.

Сабақта геологтар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобы бойынша жер қабатын гидравликалық қысыммен жару бағытын сүйемелдейтін сарапшылармен тәжірибе алмасты. Қатысушылар технологияның дизайнын әзірлеу, геологиялық деректерді ескеру, оң шешімдерді таңдау, сондай-ақ жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен сапасын бағалау тәсілдерін қарастырды.

Мамандар оқу кезінде ұсынылған шешімдерді зерделеп, алған білімін Қаражанбас кен орнын игеру барысында қолданбақ. Мұндай кәсіби оқыту геологтардың біліктілігін арттырып қана қоймай, өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

Жарияланған күні:
14 сентября 2026

Бөлісу: