Ербол Денов 1991 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Астрахань қаласында Ф.Ф.Ушаков атындағы Мемлекеттік теңіз университетін «Көліктік энергетикалық қондырғыларды пайдалану» мамандығы бойынша бітірді.
Қаражанбас кен орнындағы еңбек жолын 2016 жылы3-дәрежелі гидрооқшаулағыш болып бастады. Қазір өндірісті автоматтандыру цехының 5-дәрежелі бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика слесарі ретінде қызметін сәтті жалғастырып келеді.
Қызметте жетістігі мол «Жас маман» кеңесінің мүшесі алғырлығымен көзге түскен жұмысшылардың бірі. Ол компания мен өңірдегі қоғамдық-әлеуметтік шараларға белсенді қатысады. Фото мен видеоны креативті түсіруге әуес Ербол «Мұнайшы кадрындағы әлем» байқауында жүлдегер атанды. Сондай-ақ кен орнында жұмысшылар арасында өтетін «QUIZ» зияткерлік ойынын ұйымдастырушылардың бірі.
Өмірлік ұстанымы: «Еңбек — ерлікке жеткізеді, ерлік — елдікке жеткізеді».
Жарияланған күні:
4 февраля 2025
Бөлісу: