ҚБМ ДЕФЕКТОСКОПИСТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАДА

28 Январь 2025

«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері  елордада өткен «Қазақстан Республикасының үздік дефектоскописі» байқауында бақ сынады.  Сайыста еліміздің түкпір-түкпіріненсапаны бақылау саласындағы 60-тан астам мықты маман бас қосты.

Кәсіби стандарттарды қолдау, мамандар құзыретін дамыту мен өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жарысқа ГОСТ ISO/IEC 17024 және ҚР СТ ISO 9712 стандарттарына сәйкес визуалды-өлшеу және ультрадыбыстық бақылау әдістері бойынша I, II, III деңгейлі мамандар қатысты.

ҚБМ намысын дефектоскопия зертханасының магниттік және ультра-дыбыстық бақылау дефектоскопистері Қайрат Ізов, Елеусін Көшбаев пен Дәурен Айтмағамбетов қорғады.  

Еңбек өтілі 3 жылға дейін, 3 және 5 жылдан жоғары үміткерлер алдымен тест тапсырып, жоғары ұпай жинаған қатысушылар келесі кезеңге шақырту алды. Екі күндік жарыста олар технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу шеберлігін паш етіп, қысқа уақыт ішінде күрделі тапсырмаларды сапалы орындауға тырысты.

Мамандықтың маңыздылығы мен сапа стандарттарын арттыруға арналған байқау дефектоскопистер үшін ең алдымен тәжірибе алмасу алаңы болды.  

Жарияланған күні:
28 января 2025

Бөлісу: